Дала саясаткері-Ахмет Байтұрсынов» кітап көрмесінің ашық көрінісі
2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты оның әдеби мұрасы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясына енгізілді. 14 ақпан күні №41 мектеп кітапханасында «Дала саясаткері –Ахмет Байтұрсынов»,атты кітап көрмесі ашылды. Көрме материалдары оқырмандарымызды мемлекет қайраткері, халықтың бостандығын, теңдігін, бақытты өмірін, аңсаған,«Алаш Орда» партиясының мүшесі ретінде А.Байтұрсыновтың өмірімен және қызметімен таныстырады. Сондай-ақ, көрме Байтурсыновтың қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформатор ретінде педагогикалық қызметін кеңінен көрсетеді.