5-11 сынып оқушылары арасындағы мектеп олимпиадасы
Республика күнін мерекелеу қарсаңында 20 қазанда 5-11 сынып оқушылары арасында кезекті мектеп олимпиадасы өтті. Мектептегі пәндік олимпиада дарынды балаларды анықтау, білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, балалардың танымдық қабілеттерін дамуына жағдай жасау мақсатында өткізілді. Жалпы 364 оқушы қатысты. 5-6 сыныптар арасында 135 оқушы, 7-11 сыныптар арасында 229 оқушы . Қатысушылардың ең көп саны биология, география, қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша болды. Олимпиада қорытындысы бойынша пән мұғалімдері олимпиадалық резерв мектебінің тізімін жаңартады және әртүрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстарға қатысу үшін дарынды оқушылармен жұмыс жалғасады.