15 ақпанда №41 мектеп кітапханасы 9 "Ә" сыныбына «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға» көшпелі экскурсия ұйымдастырды. Оқушылар Зағиптар мен нашар көретін адамдарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысты, аталған кітапхана осы шағын ауданның барлық тұрғындарына қызмет көрсететінін білді. Әрине, көру қабілеті нашар адамдар үшін арнайы шығарылған кітаптар, оқушылардың ерекше қызығушылық тудырды. Балалар «сөйлейтін» кітаптары бар екенін білді - кассеталарда, дискілерде және флэш-карталарда; Брайль; тактильді; үлкейтілген әріппен басылған. Басылымның әр түрін кітапхана қызметкерлері көрсетті. Балалар Брайль әліпбиін үйреніп, грифельдік тақтайша мен стилустың көмегімен әр түрлі сөздер жазып көрді. Оқушылар кітапхананың нашар көретін оқырмандары жасаған қолөнерді тамашалады. Нашар көретіндер оқырмандарға арналған арнайы кітап оқылатың, немесе тыңдай алатын техникалық құралдарды көре алды.
«АРНАЙЫ КІТАПТАР ЕЛІНЕ САЯХАТ» ЭКСКУРСИЯСЫ