«Ұқыпты бол, оқушым!» кітапхана сабағы
21, 22 қарашакүндері 2-сынып оқушыларымен«Ұқыпты бол, оқушым!» атты кітапхана сабағыөтті. Балалар ағаш дайындаудан бастап, қағаз шығаруға дейінгі кітаптың жасалу барысымен танысып, кітаптың қалай басылып, түптеліп, оқырманға жеткізілетінін білді. Ал «Фиксики» және «Домики» танымдық мультфильмдерінің кейіпкерлері балаларды қағаз өндірісімен және баспахана жұмысымен таныстырды. Кітапты жасаудың ұзақ жолын біліп, балалар олардың әрқайсысына көптеген адамдардың еңбегі салынғанын, сондықтан кітапқа сүйіспеншілікпен және өте мұқият қарау керек екенін түсінді.