ҚР Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі
Әрбір мемлекет пен халықтың тарихи маңызды күндері бар. Қазақстандықтар үшін бұлкүн1991 жылдың 16 желтоқсаны болып саналады. Бұл күні Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік күні – әрқайсымыздың, барша Қазақстан халқының мерекесі.
8 желтоқсанда мектеп кітапханасында «Ерікті ел – Қазақстан» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрменің ашылуы ҚРТәуелсіздік күнін мерекелеу аясындағы маңызды оқиға болып табылады. Шараға 10 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Көрмеге қойылған кітаптар мемлекеттігіміздің дамуының барлық кезеңдерін, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда болып жатқан елеулі оқиғаларды бейнелейді.