9 желтоқсанда № 41 мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 9-11 сынып оқушылары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстанға-20 жыл» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Концертті ұйымдастырушы 10 «Б», 9 «Б» сынып оқушылары. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларда отаншылдық сезімді қалыптастыру, елін туған жерін сүюге баулу. Концерт барысында жоғарғы сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды:
9 «А»- «Жаса Қазақстан!» әнін хормен орындады;
9 «Б»- Абдыкаримова Лейла өз туындысы «Менің Қазақстаным» атты өлеңді оқыды және биші қыздар әсем билерімен таң қалдырды;
9 «В»-Бравко Ксюша қазақша би билеп өнерін көрсетті;
10 «А»- Мусинов Асхат жаңа үлгідегі биімен көрермендер қошеметіне бөленді;
10 «Б»-Сейфуллина Ақмарал, Муратова Айдана ән шырқады, Толеген Тимур тарихпен байланысты фильм жасады. Жүргізушілер: Смагулов Данияр мен Шарипова Динара болды. Сыныптың қалған оқушылар әдеби-музыкалық монтажға белсене қатысты.
Іс-шара 3 турдан тұратын викториналық сұрақтар арқылы қортындыланды. Оған әр сыныптан бір оқушыдан қатысып, білімдерін сынады.