Жас түлек -2012
- Мектеп бітіру әр түлек үшін өте маңызды оқиға. ҰБТ тапсыру,мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау оңай емес . Солардың ішінде мәңгілік есте қалатыны ол – мектеп бітіру кеші. Осы кеште балалар өз ата-аналарын, ұстаздарын таң қалдырады, себебі бір түнде кешегі бүлдіршін қыздар мен ұлдар таң атысымен үлкен жолға ересек өмірге аяқ басады.
21 маусымда № 41мектепте өткен мектеп бітірушілер кеші есте қаларлыұтай болды. Мәжіліс залында өткен негізгі бөлімге оқушылар белсене қатысты, мектеп қабырғасымен қоштасып отырғандарын сезініп көздеріне жас алды. Дәстүр бойынша кеш қаламыздың орталық стадионында жалғасты. Онда да біздің түлектер белсенділік танытты. Мереке от шашумен жалғасты. Әрине кеш мектеп қабырғасында жалғасты. Көңілді ән шырқап, би билеп, сайыстарға қатыстық.
Бұл мектеп бітіру кеші балалық өмірмен қоштасып, ересектер өміріне ақ жол тілеп тұрды.