Сәуірдің 29-ында № 41 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «Баланың денсаулық мәдениетін қалыптастыру: мәселелері және оларды шешу жолдары » атты педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте қарастырылған тақырыптар:
· «Оқу-тәрбие үдерісінде денсаулықты сақтау және нығайту» - ТЖДО Н.Ж. Шакенова баяндама жасады, «Оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру жүйесі» - СӨС координаторы Карпова И.В.
· «Оқушылардың денсаулық мәдениетінің деңгейі» - мектеп психологы Тарская В.В.
· «Оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбиесі құралдары арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру» - ТЖДО Аюпов А.С.
· «Денсаулық» орталығының жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастырудың қазіргі аспекттері» - «Денсаулық» орталығының жетекшісіСафронова В.А.
Педагогикалық кеңестің жұмысы өте жемісті болды, соңында «Баланың денсаулық мәдениеті – оқу- тәрбие үдерісінде мақсатқа жету үшін ұсыныстар» тақырыбы бойынша топпен жұмыс ұйымдастырылды.