Біздің көмегіміз сіздердің қолдарыңызда
Австрияның Вена қаласында Қазақстандық мүмкіндіктері шектеулі балаларының қолдан жасалған заттары, суреттері, ойыншықтары, ашық хаттары және т.б. шығармашылық жұмыстары ұсынылған 2 қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы балалардың арасында біздің мектебіміздің 5 сынып оқушысы Золотарев Евгенийдің суреті болды.Оның жұмысын акция қонақтары жоғары бағалады.
«Австриядағы қазақ студенттері достастығының» өкілі біздің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған облыстық балаларды оңалдыру орталығына» келіп, қатысушыларды мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.