Поэзияның мақтанышы.
№41 ЖОББМ «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша 10-11 сыныптар арасында әдеби кеш өткізілді. Бұл әдеби кеш Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған. Бұл әдемі, қызықты, өте ұтымды шараны өткізгендер: Г.Ж.Жүсіпова, Б.М.Қабиденова және 10-11 сыныптың оқушылары. Оқушылар және мұғалімдер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін тыңдап, толық өмірі мен шығармашылығымен танысты. Бұл шараға қатысқан оқу ісінің меңгерушісі Р.Ш. Ысқақова, мұғалімдер оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс сөздерін айтып, риза болды.
Құрметті, мұғалімдер, оқушылар, осындай әдеби кештерге белсенді қатысып, әдеби, рухани байлығымызды сақтап қалайық.