26 ақпан күні ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында 2010-2020 жылдарға тілдердің қызметі және дамытылуы» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар Еуразия Университетінің «Шет тілдері аудармашылары тәжірибесі және теориясы» кафедрасы Павлодар қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі аудармашылары сайысын өткізді.
Аудармашылар сайысы бағдарламасы келесідей айналымдардан тұрды:
Бірінші айналым: жарнамалық мәтінді жазбаша аудару бойынша сұрақ-жауап.
Екінші айналым: елтану сипатындағы видеороликке ауызша аудару .
Сайысқа №41 ЖОБМ-ның 8 «В», 9 «А» және10 «А» сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Екінші айналымға8 «В» сынып оқушысы Ярешко Ирина, 9 «А» сынып оқушысы Судомойкин Илья және 10 «А» сынып оқушысы Карпец Богдан өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Судомойкин Илья IIIорын жүлдегері атанса, Карпец Богдан «Эрудит» номинациясына ие болды.