Дәстүрлі пән олимпиадасы №41 мектебінде 3 қараша айында өткізілді. Жалпы барлық оқушылар қатысқан, соның ішінде мемлекеттік тілді білем, білгім келеді деген оқушылар да аз емес. Қазақстанда қазақ тілі – көптілді тұлғаның коммуникативтік компетенциясын құрайтын міндетті пәндердің бірі. «Қазақ тілі – барлық қазақстандықтарды біріктіретін бас факторын дамыту үшін біз күш салуға тиістіміз» - дейді ел басымыз Н.Ә. Назарбаев. Сондықтан жылдан жылға пән олимпиадасының тапсырмалары күрделеніп, қызықты да, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын да болды.
Біздің мектепте денешынықтыру пәнінің олимпиадасына да ерекше мән беріледі. Бұл олимпиадаға қатысатын оқушылар саны да өте көп. «Дені саудың - тәні сау» демекші, оқушылар денешынықтыру пәнін өте жақсы көреді.
Жалпы барлық пәндерден олимпиада жақсы дәрежеде өтті. Қорытындысы бойынша оқушылар марапаттау қағаздарын екінші тоқсанның бірінші күні алады.