Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы
26-11-2016 01:05
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы
img_20161116_145127 Қарашаның 14-і мен 19-ы аралығында біздің мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы ұйымдастырылды. Бұл шара ҚР Тәуелсідігінің 25-жылдығына арналып өткізілді. Дайындық барысында келесі мақсат қойылды: орыс тілі, орыс әдебиеті, ағылшын тілі мен тарих сынды пәндерге деген қызығушылықты дамыту мен арттыру. Алға қойылған мақсат негізінде төменде көрсетілген міндеттер айқындалды: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, іздену әрекеттерін жетілдіру. Бұл міндеттер жоспарланған іс-шаралр арқылы жүзеге асырылды. Аапталығымыз психолог Ю.В. Ряснова даярлаған «Күзгі көңілсіздік, бізден кет!» атты мұғалімдерге арналған тренингпен басталды. Тренинг тапсырмалары педагогикалық ұжымдағы коллаборативтік ортаны құру мен эмоционалды күйреу жағдайларын болдыртпауға арналды. Орыс тілі мұғалімдері Нуржанова Р.М., Тулегенова З.Н. және ағылшын тілі мұғалімдері Ахмульдинова М.Е., Гилевич Е.Г., Молдакимова Г.А., Гончерук А.И. ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер түрлі технологияларды қолданылды, пәнаралық байланыстарды іске асырды. Оқушылар ашық сабақтарда белсенділік танытып, топта жұмыс істеу, әрекеттерін келістіру және бір-біріне қолдау көрсету қабілеттерін көрсете білді. Ал Кожанова А.С., ағылшын тілі мұғалімі, 8 сынып оқушалырымен КВН өткізді. Тарих мұғалімі Авдеюк О.С. 7-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы» атты викторинаны ұйымдастырды. Викторина үш кезеңнен тұрды: «Сұрақ-жауап», «Полиглот», «Портреттер». Қатысқан командалар жақсы білімдерін көрсете білді. Қорытындыда 1-орынға 7 «А»-сынып оқушылары иеленді, 2 орын – 7 «Б» сынып, 3 орын – 7 «В» сынып. Тарих және құқық мұғалімі Сумина В.А. 11 «А» сыныбында «Тарих білгіштері» атты викторинасын ұйымдастырды, мұнда біздің түлектеріміз нағыз тарих білгіштері ретінде көрсетті, өйткені олар үшін бұл өте маңызды жайт, яғни болашақта қорытынды аттестаттау болатыны сөзсіз анық. Кітапхана меңгерушісі Тебенькова Н.А. 5-сынып оқушыларына арналған кітапханалық сабақты өткізді. Сабақта Наталья Александровна сөздіктердің түрлеріне тоқталып, олармен қалай жұмыс жасау керек екендігі туралы өте қызықты әңгімелеп берді. Мақаланы даярлаған Нуржанова Р.М., №41 ЖОБМ ҚГП ӘБ басшысы