Кейде мектеп қарбаласынан алшақтап, сиқырлы бояулар мен мүмкін емес сюжеттерге толы әлемге, әдеби кейіпкерлер әлеміне енген қандай рақат. Мұндай мүмкүндік 2016 жылғы 29 наурызда «Кітап білімпаздары» әдеби командалық ойынға қатысқан 5 «В», 5 «Б» және 5 «Д» сынып оқушыларына түсті. Оқушылар қызыты тапсырмаларды орындай отырып, танымал ертегілер мен әдеби шығармалар беттерінен шолып шықты. Ертегілер кейіпкерлерінің әлемін оларға жақсы сезіну үшін балалар түрлі тапсырмаларды орындау қажет еді: әдеби шығармалардың атауы жасырылған «Хат», ертегілер бойынша заттарды иелеріне қосуды қажет ететін «Ұмыт болған заттардың бюросы», балалар шығармалар атаулары мен авторларын білетіндіктерін көрсете білген «Әдеби түймедақ». Ойынның нәтижесі бойынша қазылар алқасы бірінші орынды біріккен 5 «Б» мен 5 «В» сыныптарына берді. Іс-шара көңілді және қызықты өтті. Кітапхана меңгерушісі Н.А.Тебенькова