С.Торағыров атындағы облыстық кітапханадағы балалар бөлімінің қызметкерлері Павлодар қ. мектептері бойынша «Көк шамаданның ел аралауы» ерекше науқанымен жол жүрді. 24 ақпанда олар № 41 ЖОБМ-ға келіп кетті. Үлкен көк шамаданның ішіне 3-4 сынып оқушыларына кітапхана қорынан оқу үшін ұсынуға болатын, көптеген кітаптар сыйды. Бұл жобаның ерекшелігі, балалардың тек тыңдарман ретінде болмағандарында. Кітаптармен танысқаннан кейін, сыныптастарына сол жайлы өздері баяндап, шағын үзінділерді оқып берді.
Кітапхана меңгерушісі Н.А.Тебенькова