Біз – бақытты баламыз!
Біз – бақытты баламыз, өйткені біз туған атамекенде – тәуелсіз Қазақстан жерінде өсіп келеміз. Біздің білім алуымызға, бойымыздағы талабымызды ұштауға жол ашық. Біздің №41 жалпы орта білім беру мектебі сапалы тәрбие беруде.Еліміздің болашағы біздерміз, сондықтан білімді, тәрбиелі азамат болуымызға қамқорлық жасалуда. Мектептен тыс уақытта үйірмелерге қатысып,дәріс аламыз. Елімізге тәуелсіздік алып берген, ағалар мен әпкелеріміздің еңбегін, арманын, үмітін ақтаймыз. Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін бүгінгі ұрпақ – қазіргі балалар жақсы оқып, сапалы білім алуға тиістіміз деп ойлаймын. Біздің болашағымыз өз қолымызда.
Каирбек Мирдана
2 «Ә» сынып оқушысы