Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қызықты күзгі демалыстар»
23-11-2015 04:51
«Қызықты күзгі демалыстар»
DSC03184 Күзгі каникулдар кезіндегі мектепте атқарылған жұмыстың барлығы жоспарға сәйкес өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырар кезде, біздің тараптан келесідей міндеттер қойылды:
  1. Оқушылардың ішкі қалауларын жүзеге асыру мен шығырмашыл қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.
  2. Әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу.
  3. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың таным, эмоцияналды орта мен жігерлі қабілетін дамыту.
5 сынып оқушылары үшін 5 қарашада «қызықты мектептегі сабақтар» атты әдеи ойын өткізілді. Шараға 15 оқушы қатысты. Оқушлар өздерінің білімдерін ертегі, әдеби қаһармандары, мақалдар, жұмбақтар саласында көрсете алды. 5 «Г» сыныптың оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар мен жеңілгендерді де тәтті ұтыс күтті. 1 сыныптылықтар үшін 6 қарашада «Қызықты ойындар» спорттық сайысы өткізілді. Оның қатысушылары біздің мектептің 1 сынып командалары болды. Жас спортшылар жарысқа жақсы дайындалғандарын, спорттық қабілеттерін, ептілігін, өжеттілігін және командалық бірлікті көрсетті. Команданың әр бір мүшесі бар күшімен достарының, мұғалімдерінің сенімдерін және қолдаушылардың үміттерін ақтауға тырысты. Күрделі ойынның нәтижесінде 1 «В» сыныптың командасы жеңімпаз болып атанды. 5-6 сыныптың оқушылары үшін 9 қараша күні кітапханада «Қалай үздік боламын» әдеби электронды ойыны өткізілді. Жалпы 8 адам қатысты. Иваницкий Михаил мен Евлоев Асиф жеңімпаз атанды. 2 сыныптың оқушылары «Бұл қызықты жануарлар» ойын-викторинасына қатысты. Ойыншыларға жасырылған сөздер, жануарларға байланысты болды. 4 сыныптардың оқушылары «Бәрін білгім келеді!» зияткерлік ойынында кездесті, онда олар орыс пен қазақ тілі бойынша («Полиглот»), математикадан («Цепочка»), әдебиеттен («Наборщик») және т.б. білімдерін көрсетті. 6-7 сыныптарда «Туған күн иесі» сайыс өткізілді. Сыныптар плакаттармен, пішіндермен, құттықтау сөздерімен безендірілді. Мұнда басқа да оқушылар қатыстырылды. Бағдарламада: «ең ерекше костюмді паш ету», «менің сыйлығым», «қарбыздар» сайысынан басқа, қозғалмалы ойындар мен фокустар енгізілді. Алтышы сыныптылықтар керемет сергіп қалды, ал сайыстың мақсаты ұжымды біріктіру, тілдесу мәдениетін тәрбиелу. Бағдарлама құрылғанда ойындар мен сайыстарда барлығының қатысуы қарастырылған еді. Бөлек сайыстарда қатысқандары үшін оқушылар «медальдармен», сувенирлармен, тәтті ұтыстармен марапатталды. 5-7 сыныптың оқушылары «Баянтау» орталығында «Монстры на каникулах-2» көрумен күндерін қызықты өткізді. 2 сыныптылар Шәкен Айманов атындағы кинотеатрға барды. Сонымен қатар, балалар күзгі демалыс бойы жұмыс жасаған үйірмелерге, орталықтарға және спорттық секцияларға қуана қатысты. ЗДВР Заирова Б.К. DSC03177 20151106_120941 DSC03176