Қоршаған ортаны кеңінен елестету, тамаша сезімін қалыптастыру үшін, оқушылардың шығармашыл қабілеттерін айқындау мақсатында мектепте «Күз мерекелері» өткізілді. Әдемі безендірілген мәжіліс залында шағын-орталықтың балаларынан бастап жоғары буындағы оқушыларға дейін «Күз мерекесін» қарсы алды. Баршаға ұнады: қатысушыларға да, көрермендерге де! Әр сынып өз өнерін ортаға салды, өздерін өздігінен көрсеткісі келді. Жоғары буындағы оқушылардың күзгі кешінде барлығы болды: әндер, билер, әзіл-сықақ көрсетілімдер-миниатюралар, «Алтын күз» тақырыбына сәнді киімдер ұсынылды. Мектеп фойесінде «Күз жемісі» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар гүлдерден, күзгі жапырақтардан, жемістерден, көкөністерден жасаған өнерлерін көрсетті және де оларды «Күз жемісі» байқауына ұсынды. Барлық қатысушылар өздерінің қиялдарын іске асыра, жұмыстарын безендіре білді. Көрмеде жапырақтарды, саңырауқұлақтарды, жаңғақтарды, рябина ағашының жидектерін, алмаларды, алмұрттарды, қарбыздарды және тағы басқаларды көруге болады. Осы әсемдіктің барлығын 1-7 сыныптың оқушылары әзірледі. «Алтын күндер» өздерінен кейін қуанышты сезімі мен естеліктерді қалдыра отырып, байқалмай зымырап өте шықты. Мектептің тәрбие орталығы
«Алтын күндер»