№41 ЖОБМ-да «Денсаулық апталығы» барысында 7-11 сыныптар аралығында «Өмір құндылықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Әңгімелесу барысында балалар әр адамға маңызды адами құндылықтарды айтып, талдады. Бұл іс-шара балаларға ойлары және көзқарастарымен белсенді алмасуға, ұжыммен талқылауды ұйымдастыруға; мәселені ұжыммен талдау икемін дамытуға, қажетті қорытынды шығаруға; ойларын толық жеткізуге және ұқыпты оқуға, сөйлеу дағдыларын іске асыруға; СӨС, әдеп, адамгершілік сұрақтары бойынша әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын оятуға көмек көрсетті.