Жуырда біздің № 41 мектепте «Қауіпсіз ғаламтор» науқаны іске қосылды. Осы іс-шара 4 «Ә» қазақ сынып жетекші М.С.Байзоллаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған флэш-мобпен ашылды. 1-11 сынып жетекшілері «Қауіпсіз ғаламтор» атты сынып сағатын, «Қауіпті, қауіпсіз ғаламтор!» , «Ғаламтордағы балалар», тақырыбына ата-аналар жиналысын өткізді, онда ата-аналар заманауи жастардың мәселелерін талқылады, олардың көмегіне жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Ақапараттану мұғалімі Д.Т.Ибраеваның тарапынан «Ғаламтордағы балалар» тақырыбына фото суреттер байқауы өткізілді. Мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Оқушылардың тарапынан ақпараттану мұғалімТ.М.Ярешкомен бірге тақырыпқа байланысты бейнеролик түсірілді. Науқанның бітісімен педкеңес кезінде мектеп мұғалімдері үшін ақпараттану мұғалімі А.Б.Кульмаганбетованың тарапына «Ғаламтор желісіндегі балалар қауіпсіздігі және ғаламтор – бала үшін қауіп» тақырыбына баяндама оқылды. Мектеп психологтары М.Д.Сансызбаевамен, Ю.В.Рясновамен білім алушылар мен ата-аналармен тренингтер өткізілді, 5-11 сыныптарда сұрақнамалар жүргізілді.