1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы 1 маусымда сағат 13.00-де Павлодар қаласының № 41 ЖОББМ денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы мектеп стадионында жасанды жабыны бар футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Мақсаты - мерекелік жағдайда жасанды жабыны бар футбол алаңын ашу, оқушыларды көшедегі спортпен айналысуға (футбол), салауатты өмір салтына тарту.
Мектеп, жасанды жабыны бар футбол алаңының ашылуына «NV-Lab» ЖШС директоры Роман Викторович Евсеев ықпал етті.
Салтанатты шараға қалалық білім бөлімінің өкілдері, " NV-Lab" ЖШС директоры қатысты.
Мерекенің шарықтау шегімен 4-сынып оқушыларының мини-футболдық жекпе-жегі болды.
Қатысушылар үшін "Біз СӨС үшін" үгіт бригадасы сөз сөйледі. Іс-шараның соңында қорытындылар шығарылып қатысушылар марапатталды.
Бүгінгі таңда мектеп, бірнеше рет түрлі деңгейдегі жарыстардың тұрақты жеңімпазы болып жүрген "Батыр" атты футбол командасымен мақтанады. 2016 жылы Павлодар футболының ардагері А.А.Клопковты еске алуына арналған, қала оқушылары арасында шағын-футбол бойынша қалалық турнирінде 1 орынға, "Қысқы демалыс" жүлдесіне қалалық шағын-футболдан 2 орынға, Ауғаныстан жерінен әскердің шығуына арналған шағын-футбол бойынша қалалық турнирінде 2 орынға, 45-спартакиадасы бағдарламасында шағын футбол бойынша 3 орынға ие болды, 2017 жылы Наурыз мерекесіне арналған футболдан қалалық жарысында 3 орын иеледі.
Мектепте футбол, волейбол, баскетбол, теннис, тоғыз құмалақ, шахмат спорт секцияларына қатысуға жағдайлар жасалған.
Оқушылар арасында спортты дамыту мен салауатты өмір салтын одан әрі насихаттау үшін жаңа футбол алаңының ашылуы жақсы демеу болып табылады.
ТЖДО: Ж.Ж. Калиакперова