11 қазан күні 1 сыныптың оқушылары үшін «Күзгі кеш» мерекесі ұйымдастырылып және өткізілді, бұл мереке балаларға тек ғажап жыл мезгілімен тілдесуге ғана емес, сонымен қатар өз шығармашылық қабілеттерін де паш етуге мүмкіндік берді.
1 сыныптың оқушылары қызықты бағдарлама әзірледі: күз туралы ән шырқау, «Жемістердің дауы» көрсетілімі, балалар осы жыл мезгілі жайлы өлең шырқады, ал бұл мерекенің басты қонағы Алтын күз болды. Балақайлар жеміс-жидек туралы жұмбақтарды белсене шешіп мұнымен өз білімдерін көрсетті.
Мектептегі директордың орынбасарлары «Күз сыйы» байқауында қатысып қол өнерін көрсеткен балаларды мадақтамамен марапаттады.
Оқушылар мен ұстаздар мерекеге разы болды.
Кез-келген мерекенің сәттілігі оның белсенді қатысушыларына байланысты: барлық қатысушылар ұялғаннан, қорыққаннан, сенімсіздіктен арылды... Басқа балалардың артында тығылмай, орындықта отырмаған, керісінше байқауларға қатысып, би билеп, тілдесіп жүрген адамға ғана қызықты болады – және сондай баланың саны көп болды.
Бастауыш сынып мұғалімі: С.М.Тезекпаева