16.02.2018 жылы Павлодар қаласының №41 денешынықтыру- сауықтыру бағытындағы ЖОБМ “Рухани жаңғыру”бағдарламасының “Әскери - патриоттық тәрбиедегі ведомствоаралық жан-жақты өзара әрекеттесу ” жобасын жүзеге асыру аясында, Тәжік- Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстар қатысушыларына арналған, қысқы әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық турнир өтті.
Биатлон бойынша жарысқа қатысуға Павлодар қаласы бойынша, 6-10 сынып оқушыларынан тұратын 8 командаға рұқсат берілді. Жарыстың ережесі бойынша команда 3 жасөспірімдерден тұрды. Жарысқа қатысушлар эстафета форматында жарысты, шаңғыда еркін жүріс стилі қолданылды, лазерлік қарумен ату, толық емес бөлшектеу және АК-74 жинау және перекладинада тартылу болды.
Жарыс қорытындысы бойыша Тәжікстандағы жергілікті соғыстар ардагерлері жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап номинациясы бойынша жеке біріншілікпен, командалық есепте 12 мектептің командасы 3 орын, №42 ЖОМ командасы 2 орын, №16 ЖОМ 1орын, Гран-при және турнирдің өтпелі кубогын №41 ЖОМ иеленді.
Әрбір қатысушы естелік сыйлықпен марапатталды.
Қысқы әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық турнир