Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-де 2018 жылғы наурыздың 15-сі облыстық білім беру басқармасы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша заманауи мектептің ведомствоаралық қатынастың тиімді бағыттары» тақырыбына семнар өтті. Семинарда облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары мен салауатты өмір салтын үйлестірушілері,АӘД,денешынықтыру мұғалімдері қатысты.
Семинарда мектептің № 3 поликлиникасымен, ИНеУ, ПМПУ, ТЖ Департаменті, Тәжік-Ауған шекарасында қарулы қақтығыс локальді әскердің әскери Одағымен, «Самал» сауығу орталығы, СӨС қолдау орталығымен атқарылған жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Семинар барысында заманауи білім беру ортасында денсаулық сақтау технологиясын енгізу бойынша, № 41 денсаулық нығайту мектеп негізінде ведомствоаралық көпжақты әскери-патриоттық тәрбиедегі қатынас, инклюзивті білім беру жағдайында білім беру орталығының мазмұндылығы және тағы басқа сұрақтар жөнінде мамандар тәжірибесімен алмасты.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар 21 секцияда жұмыс жасады - ата-аналардың қатысуымен 3 алаңда «Дұрыс тамақтану мәселесі» бойынша дөңгелек үстел, «Тұлғаның психикалық дамуына интернеттің әсері» , «Инклюзивті білім берудің білім саласының мазмұндылығы» жөнінде мастер-класс, дұрыс тамақтану мәселесі бойынша дөңгелек үстел, су мен су қоймасындағы қауіпсіздік туралы тәжірибелік сабақ, арнайы медициналық топ оқушыларының қатысуымен мүсінді түзеу, гепатитті, зиян қылықтарды алдын алу, спортпен шұғылдану, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әскери-патриоттық тәрбие, инклюзивті білім беру жағдайында білім саласының мазмұндылығы.
Семинар қатысушылары үшін мектептің «Біз СӨС-ті қолдаймыз» насихаттау тобы өз бағдарламасын ұсынды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша заманауи мектептің ведомствоаралық қатынастың тиімді бағыттары