Сау жүрек – ұзақ және бақытты өмірге барар жол!
Дүние жүзі жүрек күні шеңберінде Облыстың Салауатты өмір салтын ұстану орталығы «Сау жүрек» тақырыбына үздік Эссе байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды балаларды қолдау, балалардың салауатты өмір салтына деген қабілеттерін қалыптастыру.
Сайыстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды. Павлодар қаласы бойынша І орынға № 41 ЖОБМ-ның 9 «А» сынып оқушысы Полина Журавлева, ІІ орынға № 9 ЖОМ-ның 7 «Ж» сынып оқушысы Руслан Темиртасулы және ІІІ орынға № 18 ЖОМ-ның 8 «А» сынып оқушысы Арина Сайбель ие болды.
Біз Полина Журавлеваны құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!