Құрметті оқушылар мен оқытушылар!
Тәуелсіздік күні-ерекше саяси және тарихи маңызы бар мереке. 1991 жылдың 16 желтоқсанында біздің тарихымыздың бұрылыс сәті болып табылды – Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
1991 жылдан бері елімізде түбегейлі мемлекеттік өзгерістер болды. Қазақстан экономикасы қуатты, қарқынды дамып келе жатқан және еркін ел болып табылады.Елдің қазіргі жетістіктері-болашақ ұрпақ үшін мұра, XXI ғасырда мықты, тәуелсіз және қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанды құрудың сенімді негізі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Сіздердің назарларыңызға біздің мектеп оқушылары жасаған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты әдеби бейнесағат ұсынамыз. Бейне сағатты Сіз мектеп сайтында Буктрейлерлер папкасында көре аласыз.