Ата-аналар жиналысы
2019 жылы қаңтардың31-і № 41 ЖОБМ-да1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Кызылша-жіті вирустық жұқпалы ауру"тақырыбында жиналыс өткізілді. №3 емхананың СӨС үйлестірушісі, дәрігер Рахимова Марианна Талғатқызы ата-аналарды ауру туралы толық таныстырды. Ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Ата-аналарға "Өзіңді және өз балаларын қызылшадан қалай қорғау керек?" атты бейнеролик көрсетілді.. Содан кейін мектеп медбикесі Жумагожина Маржан Қожахметовна сөз сөйледі.Ол мектеп бұйрығымен таныстырып, қызылшадан егу бойынша статистикалық мәлімет берді.