"Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік"
"Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік" республикалық кең ауқымды акциясы аясында 11-15 ақпан аралығында біздің мектептің оқытушылары ата-аналарымен және КІБ инспекторы А. К. Каркеновамен бірлесіп Шығыс шағын ауданы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар тексерілді. Барлық параллельдер бойынша оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер өткізілді. Павлодар қаласының прокуратурасы бөлімінің прокуроры М. П. Дебус 8 сынып оқушыларының алдында "әкімшілік-қылмыстық жауапкершілік" атты дәріс оқыды.