24 қазанда Павлодар қаласының № 41 ЖОМ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар қауымының алдында қоғамдық тыңдау өтті. Мектеп әкімшілігі ата-аналар комитеті өкілдерінің алдында оқу жылының басынан атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. : Жалпы мектептік тамақтану, инклюзивті білім беру, ағылшын тілін оқыту, құқық бұзушылықтың алдын алу, мектепке қауіпсіз жол, "Күнделік" жобасының жұмысы, қосымша білім беру, балалардың денсаулығы туралы өзекті тақырыптарда әңгімелесті . Бұл тақырыптарға ата-аналар "Кейтеринбург Қазақстан" ЖШС-нің әкімшіліктерінің мамандарына, осы бағыттарға жетекшілік ететін психологтарға барлық сұрақтар қойды. Ата-аналар комитетінің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алу мүмкіндігін пайдаланды, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалған жоқ.