Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала мектептерінің мұғалімдері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан блиц-турнир өткізді
09-12-2019 16:44
Қала мектептерінің мұғалімдері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан блиц-турнир өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылы 9 - 10 желтоқсанда № 41 ЖОБМ-да Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептер мұғалімдері арасында шахмат бойынша блиц-турнир өтті.Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасынан үздік ойыншыларды қолдау және мадақтау.Жарысқа 80 мұалім есебінде 40 команда (ерлер мен әйелдер құрамында) қатысуға ниет білдірді.

Турнир шарттары бойынша (командалық) қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 7 кезеңде жарысты. 1 ойыншыға тур уақыты 10 минут (қосусыз) анықталды. Ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды № 43 ЖОМ командасы иеленді, құрамында шахмат мұғалімі Лозовская Яна, дене шынықтыру мұғалімі Пилипчук Сергей.

II орын - № 16 ЖОМ командасы шахмат мұғалімі Гребенщиков Владимир, бастауыш сынып мұғалімі Исимова Алия.

III орынды № 1 ЖОМ командасы алды, шахмат мұғалімі Икрамов Марат, физика мұғалімі Конырова Алмагүл.  

Ең көп ұпай жинаған № 43 ЖОМ (10,5), № 16 ЖОМ (10), № 1 ЖОМ (9).  

Ерлер арасындағы жеке сынақта I орынды № 16 ЖОМ Гребенщиков В. (6 ұпай), II орынды № 27 ЖОМ Дукембаев К. (5,5 ұпай), III орынды № 10 мектеп - лицей Габдушев А. (5 ұпай) иеленді. 

Әйелдер арасындағы жеке сынақта I орынды № 43 ЖОМ Лозовская Я. (7 ұпай), II орынды № 26 ЖОМ Садвакасова А. (6 ұпай), III орынды № 9 ЖОМГ Габдушева К. (5 ұпай) иеленді.

Жалпы командалық есепте турнирдің жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.