1 қыркүйек күні Павлодар қаласының «№ 41 ДСБ ЖОБМ» ММ 1 сынып оқушылары үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім сабақтары өткізілді. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын-алу және мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі Білім күні сынып сағаты түрінде өткізілді. 2-11 сынып оқушылары үшін ZOOM арқылы қашықтық форматта болды. Мектеп қабырғасында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаттары «ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл. Конституция-біздің болашағымыз», «Абай-дара, Абай-дана», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Мамандық таңдау. Менің болашаққа жолым», «Біз денсаулықты таңдаймыз» тақырыптары әр түрлі болды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырды.


