«Менің анашым».
4"А" сыныбында тәрбие сағаты өтті. Тақырыбы: «Менің анашым».
Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу.
Сыныптың оқушылыры мен жетекшісі Маржан Жұмағалиқызы Киашова, шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтайды.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға береке - бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!