Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 4 қарашада М.Әуезов атындағы мектепте оқу кабинеттерін қарау ұйымдастырылды.
Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 4 қарашада М.Әуезов атындағы мектепте оқу кабинеттерін қарау ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - білім беру үдерісін сапалы жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Мектепте 42 оқу кабинеті бар, биылғы оқу жылында 5 кабинет жаңа үлгідегі жиһазбен, 30 кабинет моноблокпен жабдықталған, 5 компьютерлік сынып, 9 кабинетте интерактивті тақталар орнатылған, робототехника және шахмат кабинеттері ашылған.
Тексеріс барысында санитарлық жағдай мен ресімдеуге ғана емес, сонымен қатар кабинеттердің перспективалық дамуына, әдістемелік-дидактикалық материалды жүйелеуге назар аударылды.
Комиссия құрамында әкімшілік мүшелері де, тәжірибелі педагогтар да болды, олар кабинеттердің оқу-әдістемелік базасын жетілдіру және оларды сабақта тиімді пайдалану бойынша өз ұсыныстарын берді.