Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі апталығының ашылу салтанаты болды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі апталығының ашылу салтанаты болды.
Апталықтың мақсаты - қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оята отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдеби-музыкалық композицияда Мұқағали Мақатаевтың, Мұхтар Шахановтың, Сырбай Мәуленовтың шығармашылықтарын Республикалық, облыстық оқулардың жеңімпаздары Магарамова Айгюн, Семенов Никита, Абильдинов Дамир, Гайсин Игнаттың және Асылболатова Малика орындады.
Қазақтың ұлттық аспаптары – жетіген мен домбырада, Шишкина Анна, Алипов Санжар мен Рахат Мақсат қазақ халқының күйлерін орындады.
Мерекені ұйымдастырған А.Е.Камзина мен М.М.Қарабаева, іс-шараның соңында Нұржан Өмірбай мен Жарасхан Төлебайдың әніне жазылған «Мен қазақпын» әнімен аяқтады.
10 күн аралығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өздерінің сабақтарында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудағы тәжірибесімен бөліседі.