«Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын»
2022 жылдың 14 қарашасы мен 12 желтоқсан аралығында мектеп парламентінің мүшелері арасында «Табыс портфолиосы» атты республикалық қашықтық байқауы өтті.
Конкурсты ҚР БМ қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың мектептегі өзін-өзі басқара отырып, табысты дағдыларын жүзеге асыра насихаттау және дамыту.
Конкурсқа жалпы орта білім беру ұйымдарының 355 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы мектептің 10 А сынып оқушысы Сатмұхамбетова Азель «Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» номинациясында 2 орынға ие болды.
Азельді және жүлдегерді дайындаған аға жетекші И.А Старовойтованы табысты жеңістерімен құттықтаймыз, жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз!