Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
М.Әуезов атындағы мектепте әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 16 қаңтарда «Уақыт таспасы» театрландырылған көрінісі нысанында тарих мұғалімдерінің пәндік апталығы ашылды.
18-01-2023 14:33

Мақсаты - оқушылардың Қазақстанның тарихи өткені мен еліміздің қазіргі даму кезеңі туралы білімін кеңейту. 
 
Тарих пәнінің мұғалімдері Ш.И. Кыпшакпаева, Ж.Ж. Касенова, А.Б. Купесова, Р.Н. Тыштыков, сондай-ақ 10 А, 8 А, 8 Б, 7 В сынып оқушылары Геродот - «тарих әкесі», Фемида - Ежелгі Грекия әділдік музасы, Клио - тарих музасы сахналық бейнелерін  көрсетті .  
 
Содан кейін «Уақыт таспасы» бойынша көрермендер қазақ хандығына көшіп, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің даналық ойларын тыңдады. 
Одан кейін қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне байланысты тарих беттері: «Алаш» қозғалысы және 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі таныстырылды. 
Оқушылар Кеңес кезеңіндегі пионерлер жасағының сахнасын, балалар ұйымының атрибуттарын - барабан, горн, сондай-ақ символдық қызыл галстукты қызығушылықпен қабылдады.  
Іс-шара «Атамекен» әнінің орындалуымен аяқталды. 
 
Осы күні тарих пәнінің 
мұғалімдері А.Б. Купесова, Р.Н. Тыштыков 4  Г және 2 В сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихына қысқаша экскурсия ұйымдастырды.  Оқушылар Қазақстан аумағында алғашқы адамдар біздің заманымыздан 1 миллион жыл бұрын пайда болғанын білді.  Сонымен қатар, балалар бүгінгі күнге дейін сақталған мәдениет ескерткіштерімен, біздің еліміздің аумағында өмір сүрген халықтар мен тайпалар және мемлекеттермен танысты. 
Бастауыш мектеп оқушыларын Қазақстан тарихына тарту жұмыстары апта бойы жалғасатын болады.