М. Әуезов атындағы мектебінің тарих пәні бірлестігінің апталығы аясында «Жібек Жолы. Шығыс базары» театрландырылған қойылым ұйымдастырылды .
Мақсаты - оқушылардың Ұлы Жібек жолы туралы түсініктерін кеңейту, оларды Шығыс базарының жағдайымен және әртүрлі елдердің саудагерлері ұсынатын тауарлармен таныстыру, тарихи бейнелі ойлауды қалыптастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тарих пәнінің мұғалімі Жанна Жақыпбекқызы Қасенова 6-7-сынып оқушыларын ұйымдастырылған қойылымға қатыстыра отырып, нағыз ортағасырлық шығыс базарының атмосферасын құрды, Үндістан, Византия, Ресей, Қытай, Персия және түркі саудагерлерінің сахналық бейнелерін ұсынды. Көрермендерді әртістердің жарқын костюмдері, музыкалық сүйемелдеу, Шығыстың әндері мен билері таң қалдырды.
Керемет көрнекі құралдар дайындалды: слайд-презентация, Жібек жолында жатқан ортағасырлық қалалардың суреттері, түйе керуендері. Әр түрлі заттар мен тауарлар жиналды, күміс және алтын фольгадан жасалған Орта ғасырлардағы ақша бірліктері: алтын динарлар, күміс дирхем және мыс фельстер.
Атақты шайханашы - Алдияров Мәдениет, қыш жасаушы - Сәрсенов Назар, ұста - Қайыр Әди, Мұхтасиб - базар бақылаушысы - Сағали Әли, византиялық саудагер - Гусельников Егор, перс - Брюшков Тимур, Марко Поло - Копоть Ярослав, жүргізуші Ткачев Артур және басқа да балалар әртістік пен эмоционалдылықты көрсетті.
Театрландырылған қойылым әр көрерменнің жүрегінде жарқын әсер қалдырды!
М. Әуезов атындағы мектебінің тарих пәні бірлестігінің апталығы аясында «Жібек Жолы. Шығыс базары» театрландырылған қойылым ұйымдастырылды .