Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Оқуға құштар мектеп» республикалық жоба аясында «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарынды оқушыларды дамыту орталығы Дихан Абилов атындағы көпшілікке арналған кітапханамен бірлесе 2023 жылдың 16 ақпан күні Павлодар қаласы мектептерінің
20-02-2023 08:09

«Оқуға құштар мектеп» республикалық жоба аясында «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарынды оқушыларды дамыту орталығы Дихан Абилов атындағы көпшілікке арналған кітапханамен бірлесе 2023 жылдың 16 ақпан күні Павлодар қаласы мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Кітап-білімнің қайнары» атты қалалық жобаның финалы өтті.

Жоба мақсаты - оқушылардың оқылым әрекеттерін қалыптастыру, эмоциялық және эстетикалық тәрбие беру, белсенді оқуға ынталандыру.

III бөлімнен тұратын жобаға 29 оқушы қатысты. Қатысушылар Мұхтар Шахановтың шығармаларын мәнерлеп оқыды, Ғабит Мүсреповтың «Ана» шығармасынан сахналық қойылым қойды, Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша шығарма жазды.

Жоба қорытындысы бойынша М. Әуезов атындағы мектептің 6 А сынып оқушысы Рахат Мақсат жүлделі 3 орын иеленді. Мақсатты және ұстазы С.Ж. Жасқайратованы қол жеткізген марапаттарымен құттықтаймыз. Жеңістен жеңіске жете беріңіздер.