2023 жылдың 23 ақпанында М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары белгілі мемлекет және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған республикалық Әбіш оқуларының қалалық кезеңіне қатысты.
Оқуларының негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының жұмыстары үш номинация бойынша ұсынылды: шығармаларға арналған иллюстрациялар, мәнерлеп көркем оқу және театрландырылған қойылым.
«Соңғы қар», «Ақ қайың» және «Тасбақаның шобы» шығармаларына иллюстрациялар – өз суреттерінде тамаша көркем образдар жасай білген 9-сынып оқушысы Усачева Арина 3 дәреже дипломымен марапатталды.
Ә.Кекілбаевтың «Заманға айтпай, маған айтқан бар зарынды, ақын дос», «Күй» ханға» шығармаларын мәнерлеп оқу шеберлігі үшін 8-сынып оқушысы Қанатова Томирис 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ә.Кекілбаевтың «Жүнді барақ» шығармасының театрландырылған қойылымын Никита Семенов, Ахменов Әлижан, Виктория Кучерова, Самира Байтемірова, Мантья Милана ұстаздарымен бірге дайындады.
Шәкірттерін Әбішев оқуларына дайындаған ұстаздар Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы, Бегалинова Әлия Ерғалинқызы, Ахметжанова Айсул Мақсұтқызы және Қарабаева Мейрамгүл Мерғалиқызына алғысымызды білдіреміз.
Мектебіміздің дарынды ұстаздары алдағы уақытта да көркемдік талғамын қалыптастыру, мәнерлеп оқу мен сахналық іс-әрекетін дамыту бағытында жұмыс жасайтынына сенімдіміз.
2023 жылдың 23 ақпанында М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары белгілі мемлекет және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған республикалық Әбіш оқуларының қалалық кезеңіне қатысты.