Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ 3Б сыныбында Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ 3Б сыныбында Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты - оқушылардың бойында патриоттық сезімді, мейірімділікке, жауапкершілікке, айналадағыларға достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу; түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы келісім дүниетанымын қалыптастыру.
Оқушылар түрлі-түсті плакаттар дайындап, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, бір-біріне өздерінің этникалық құндылықтарын құрметтейтіні және Отанын сүйетіні, достық пен бейбітшілікті бағалайтыны туралы тілектер мен алғыс сөздер жазды.