«Білім _ kz» республикалық білім беру орталығы 11.12.2022 жылдан бастап 22.01.2023 жылға дейін «ҮЗДІК ПЕДАГОГ- 2022» байқауын ұйымдастырды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасында талантты педагог қызметкерлерді анықтауға, олардың мәртебесін арттыруға, сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін мұғалімдердің үздік тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді.
М.Әуезов атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ЛАУРА СЕРИКОВНА ОМАРОВАНЫ «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» номинациясы бойынша «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңісімен құттықтаймыз!
Ұстазымыздың біліктілігі мен заманауи көзқарасы, инновациялық озық тәжірибесі лайықты бағаға ие болды.
Лаура Сериковна мектебіміздің және қаламыздың жас ұстаздарына үлгі-өнеге, сонымен қатар үнемі тәжірибесімен бөлісіп ақыл-кеңесін аямайды.
2022 жылғы Республикамыздың үздік ұстазы - Л.С. Омароваға жаңа шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ- 2022»