Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1-11 сыныптарды жоспарланған ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде үшінші тоқсанның қорытындысы, ҰБТ мен МОДО ға дайындық, оқушылардың болашақ мамандыққа биімделуі және балалық жарақаттың алдын алу, мінез-құлықтарындағы өзгерістер, тұрмыстық зорлық, буллинг пен кибербуллинг туралы түсінік беру көтерілді.
9,11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін Еуразиялық Инновациялық университеті мен ИнЕУ жоғары колледжінің үстаздары мамандыққа бағыттау шарасын жүргізді, әңгімелесу барысында болашақта түлектерді еңбекпен қамту және ұсылған мамандықтар туралы кең мағлұмат берілді.
Ата-аналар жиналысын өткізуде педагогтар қолдаған дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер: тренинг, арт-терапия, әңгімелесу қатысулардың жиналысқа белсене араласуларына мүмкіндік туғызды.
Жиналыс соңында ата-аналарға қызықтыратын сұрақтарына жауап алу үшін мектеп фойесіне мектеп әкімшілігіне мен пән мұғалімдерімен кездесу ұсынылды.
Жалпы,ата-аналар жиналысы ойдағыдай өтті, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға қонымды жауап ала алды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1-11 сыныптарды жоспарланған ата-аналар жиналысы болып өтті.