«Қазақша үйренейік»
Байқаудың мақсаты - «Қазақша үйренейік» бағдарламасында халық радиосының толқынында қазақ тілін үйренетін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.
Апта сайынғы сабақтарда «Отбасы және салт-дәстүр», «Ұлттық ойындар», «Жыл мезгіндері» тақырыптары зерделеніп, 2 апта бойы Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқып, қазақ тілінде жаңа сөздермен танысып, сөйлем, мәтіндер құруды үйренді.
Сөйлесу арқылы сөздік қорын толықтырды.
Белсенді комментатор-Whatsapp Halyk radiosy-ға үнемі өз пікірлерін жіберген 8 А сынып оқушысы Омарова Зара және радиода тікелей эфирде белсенді қатысқан Сансызбай Асанали сабақ қорытындысы бойынша 2 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.