Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құрметті Павлодар облысының ата-аналары мен тұрғындары!
15-05-2023 07:57
Құрметті Павлодар облысының ата-аналары мен тұрғындары!

Құрметті Павлодар облысының ата-аналары мен тұрғындары!

Ағымдағы жылғы 13 мамыр сағат 10.00-де облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында (Павлодар қ., М. Жүсіп к-сі, 27) Павлодар облысының білім беру басқармасы «Семья и дети. Павлодар» ҚБ-мен қоса «Бәріміз қауіпсіздік үшін!» диалог алаңын өткізеді.

Бұл алаңды өткізудің мақсаты көп қабатты үйлердің терезелерінен құлау салдарынан балалардың жарақаттануы мен қаза болу фактілеріне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Аталған алаңға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары әкімдерінің орынбасарлары, депутаттар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ата-аналар мен бей-жай қарамайтын азаматтар қатысады.

Іс-шара Youtube арнасының тікелей эфирінде (сілтеме https://youtube.com/@user-iv4rw3bi9g) және облыс білім беру басқармасының bilim_basqarmasy Instagram желісінде телекөпір форматында ұйымдастырылады.

Ата-аналар жұртшылығын және барлық ниет білдірушілерді осы алаңның жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!