2023 жылғы 18 мамырда облыстың білім беру басқармасы полиция департаментімен және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығулар ұйымдастырады. Оларға облыстың барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептердің оқушылары, педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
Оқу-жаттығу аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- бекітілген алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттер) сәйкес мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарының қызметкерлеріне нұсқама беру;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру.
2023 жылғы 18 мамырда облыстың білім беру басқармасы полиция департаментімен және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығулар ұйымдастырады.