«Менің мектебім буллингке қарсы»
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушылары, бүгін сағат 10:00-де бүкіл Республика бойынша өткен «Менің мектебім буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобқа қатысты.
Флешмоб білім алушылар арасындағы буллинг мәселесіне кең қоғамдық көңіл аударуға бағытталған.
Бірлесе би билеген оқушылар: «БІЗДІҢ МЕКТЕП БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!» деп ұрандатты.
Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық дамулары мен буллингке қарсы көзқарастарын білдіруге мүмкіндік тудырады.