Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің «Бақытты балалық шақ»жазғы сауықтыру демалыс лагерінің бүлдіршіндері «Менің сиқырлы домбырам» асфальтқа сурет салу байқауына белсене қатысты.
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің «Бақытты балалық шақ»жазғы сауықтыру демалыс лагерінің бүлдіршіндері «Менің сиқырлы домбырам» асфальтқа сурет салу байқауына белсене қатысты.
Мақсаты - шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, халық музыкалық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту болды.
Жас суретшілер домбыраны ашық түстермен,түрлі ою-өрнектермен және түрлі-түсті борлармен өрнектеп, қазақтың сиқырлы музыкалық аспабы туралы өзіндік көзқарастарын көрсетті.
Сайысқа белсенді қатысқандар: 2 Д сыныбынан Даниялов Айдияр, 2 Е сыныбынан Жүнісова Аида, 1 Д сыныбынан Полат Арин Зелиш, 1 Д сыныбынан Сарсенбаев Ратмир және Сарсенбаев Таир. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.