21 және 22 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылында мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ата-аналар мектеп қызметін реттейтін құқықтық актілермен (Жарғы, жұмыс уақыты, мектеп формасына қойылатын талаптар және т.б.), жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша таныстырылды.
Ата-аналар оқушыларды мектепішілік және мектептен тыс жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздігін сақтау және жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын-алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Мұғалімдер ата-аналар жиналысын дәстүрлі емес түрде, практикалық әдістер мен тәсілдерді (арт-терапия, балалары бар ата-аналар үшін мінез-құлық нұсқаларын модельдеу, педагогикалық жағдайды бірлесіп талдау) пайдалана отырып өткізді, бұл ата-аналардың назарын белсендіруге, мәселелерді бірлесіп шешуге ынталандырып, сенім атмосферасын құруға мүмкіндік берді.
Ата-аналар мен мұғалімдердің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету үшін мектеп фойесінде кеңес алаңдары жұмыс істеп, әкімшілік пен пән мұғалімдері ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар берді.
Ата-аналар жиналысын өткізудің практикалық формалары мектептегі оқу-тәрбие үдерістерінің мазмұнына ата-аналар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
21 және 22 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.