Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы мен Павлодар қалалық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 4 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп базасында «Дене шынықтыру» пәнінен мектеп оқушыларының қалалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары: білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың мектеп тәжірибесін байыту, дене шынықтыру мен спорттың даму деңгейін арттыру, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, дене тәрбиесіне тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу.
Олимпиада теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлімде оқушылар «Дене шынықтыру» пәнінен кешенді тестілеуден өтті. Практикалық бөлімде оқушылар дене шынықтыру бағдарламасының базалық бөлімінің бөлімдері бойынша жаттығулар орындады: гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар.
Олимпиадаға М.Әуезов, Ш.Шөкин, М.Жүсіп, Б.Момышұлы атындағы, №2, №17, №40 мектептерінен 5-6, 7-8 сыныптардан 140 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы теориялық және практикалық бөлімдердегі ұпайлардың қосындысы бойынша үш жүлделі орынды анықтаумен жеке-командалық біріншілік ретінде шығарылады.
Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы мен Павлодар қалалық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 4 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп базасында «Дене шынықтыру» пәнінен мектеп оқушыларының қалалық