М. Әуезов атындағы мектептің 8-11 сынып оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне қатысты.
Ғылыми конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді таңдау және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытқан жас дарындар өз жұмыстарын тарих, әдебиет (қазақ және орыс), өлкетану, физика, ағылшын тілі, химия, математика секцияларында ұсынды.
БАЙҚАУ ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР 5️⃣ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ:
1 орынды 8 Б сынып оқушысы Блинова Полина иеленді, жетекшісі Салтанат Бахитова Тулебаева,
3 орын алды:
* Тлеубай Нұрхан, 9 А сынып оқушысы, жетекшісі Тулеуленова Лейла Юрьевна,
* Семенов Никита, 9 Б сынып оқушысы, жетекшісі Бегалинова Алия Ергалиевна,
* Сағадат Алтынай, 10 Б сынып оқушысы, жетекшісі Абылова Мейрамгуль Жумагалиевна,
* Сартакова Алена, 8 В сынып оқушысы, жетекшісі Кожабеков Диас Талгатович.
Оқушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамауға, зерттеу жұмысын жалғастыруға тілектеспіз! Ғылыми жетекшілерге шығармашылық көзқарасы және оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тартқаны үшін алғыс айтамыз.
М. Әуезов атындағы мектептің 8-11 сынып оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне қатысты.